Жекеменшік мектеп – заман талабы

Жекеменшік мектеп – заман талабы

Миллионан астам тұрғыны бар Шымкентте осы уақытқа дейін мектептің жетіспеушілігі, тарлығы үлкен мәселе болып келгені белгілі. Биылдың өзінде қала мектептерінде 233 мыңнан астам оқушы оқып жатқанын, оның 25 мыңы бірінші сынып оқушылары екенін ескерсек, демографиялық жағдайдың қандай екенін аңғару қиын емес. Олай болса Шымкент үшін балабақша салу, мектеп ашу әлі де жалғаса түсуі керек игі істер.

Мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік оң нәтижесін көрсетіп келеді. Қаланың іскер азаматтары білім саласын жетілдіруге өз үлестерін қосуға кіріскен. Қазір Шымкент білім саласына инвестиция тарту бойынша республикада көшбасшы қала санатында. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде табысты жүзеге асқан жобалардың бірі – «TM and ART educational school» мектебі. Қонаев даңғылы бойындағы бұрынғы сауда орталығы бастауыш мектеп ретінде қайта құрылымдаудан өтті. Жаңа оқу жылында биыл алғашқы оқушыларын қабылдады. Қазір мұнда 202 бала елімізде қабылданған жалпы білім беру стандарттарына сай қазақ және орыс тіліндегі білім алуда.

Жекеменшік білім беру нысанында модификацияланған пән кабинеттері жасақталған, оқу сыныптары интерактивті тақталар және панельдермен жабдықталған. Балалар қауіпсіздігін сақтауда бейнебақылау жүйелері орнатылып, ата-аналар өз перзенттерінің білім беру ұйымындағы іс-қимылын смартфон арқылы онлайн-режимде бақылай алады. Мектепте спортзал, кітапхана, асхана, гимнастикалық зал қарастырылып, робототехника пән кабинеттері жасақталған.

Ата-аналардың қалауы бойынша ақылы түрде түрлі шығармашылық топтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Дизайн, таэквандо, дзюдо, хореография, көркем гимнастика, этика, сурет салу, брейк-данс және ағылшын тілі үйірмелерінің жетекшілігіне кәсіби мамандар, оның ішінде жоғары білікті шетелдік ұстаздар тартылған. Білім беру ұйымында логопед маман да қарастырылып, тіл кемістігі бар балаларды дұрыс сөйлей білуге дағдаландырады. Бюджеттік мектептерге қойылатын талаптар жекеменшік мектептерге де қатысты. Ұстаздардың біліктілігі мен балалардың білім деңгейі салалық мемлекеттік құрылымдар тарапынан тұрақты бақылауда болады.

Дәл осындай мектептердің бірі «125 HIGH SCHOOL» жобасы. 10-11 сыныптар оқушыларына арналған бұл мектеп Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушылар үшін үлкен көмек беретін білім ордасы. Өз жұмысын биыл ғана бастаса да бұл мектепке келушілер қатары артып отыр. Қазір мұнда 254 оқушыға 48 мұғалім ҰБТ сынағының жеті бағыты негізінде білім беруде. Мектеп директоры Оралхан Темірханұлының сөзінше, мектепте оқушыларға білім беру ақылы түрде жүргізіледі. Дегенмен, жан басына қаржыландыру бағыты бойынша «Қаржы орталығына» құжат тапсырып, өтінім берілген.

– Біздің мектепте оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарай 8 түрлі жеңілдік қаралған. Мемлекет тарапынан мектебіміз қаржыландырылса, білім алушылардың төлемақысына көп жеңілдік болар еді. Осы мақсатта құжаттарымызды тиісті мекемеге тапсырып, жауабын күтіп отырмыз, – дейді диреткор.

«125 HIGH SCHOOL» мектебі еліміздің 7 өңірінде оқу орталығы негізінде жұмысын бастаған. Қазір 27 орталық ішінде жетеуі мемлекеттік лицензиясы бар мектептер желісі болып жұмысын жалғастыруда. Білім мекемесінің негізгі мақсаты – бітіруші сыныптарды мектеп пен дайындық курсын екі жақты оқымай, арнайы методика негізінде бір жерден білім беру.

Ұстаздардың айтуынша, білім алушылардың 70 пайызы химия-биология мен физика-математиканы таңдаған. Сонымен бірге география–математика, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі және адамның қоғамдағы құқығы, тарих бағытында оқиды.

Мектеп кәсіби бағдар беру, компьютерлік тестілеу, менторлық жүйе, «Коворкингті» орталық және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мотивациялық іс-шаралар өткізу жүйесін де тиімді жүзеге асыруда.

Жасыратыны жоқ, Шымкентте үш ауысымдағы мектептер әлі де бар. Егер жоғарыда аталған жекеменшік мектептер саны артатын болса, әрі мемлекеттік бюджеттен салынатын мектептер көбейсе, бұл мәселе 2024 жылға дейін шешімін табады дейді мамандар. Аталған жұмыстар білім саласын дамытудың 5 жылдық жоспарында қамтылған.  

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800