Жұмысшы мамандықтарын қолдау – экономикалық дамудың негізі

Жұмысшы мамандықтарын қолдау – экономикалық дамудың негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда: «Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады. Оларға білім беру үшін мемлекет қомақты қаражат бөліп жатыр. Оларға лайықты жалақы төлеу – мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі», – деді.

Бүгінде Үкімет жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп, олар үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Кәсіпорындарда жұмыс орнын қауіпсіздендіру, қызметкерлердің жүктемесін жеңілдету және өнімділікті арттыру үшін инфрақұрылым жаңартылып, өндірістік желілер жаңа автоматтандырылған жүйелермен жабдықталуда.

Ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастық күшейіп, бірлескен жобалар саны артып келеді. Сонымен қатар елімізде цифрлық технологияларды енгізу басты бағыттардың бірі болып отыр.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын инновациялық даму жолында көреді. Ол халыққа Жолдауында ауқымды цифрландыруды және жасанды интеллектіні белсенді енгізуді басымдық ретінде айқындады. Алдыңғы қатарға жаңа технологиялар шығады. Бұл – экономикалық өсімге және азаматтардың өмір сапасын арттыруға кең мүмкіндік береді. Инновациялық шешімдер өнеркәсіпке, көлік саласына, медицинаға, білім беруге және басқа да салаларға енгізілуде. Барлық шаралар қуатты Цифрлық Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған», – деді Олжас Бектенов.

Цифрлық трансформацияны ілгерілету шеңберінде Үкімет білікті мамандарды даярлау мен кәсіби-техникалық білім беру саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еңбек адамы мен жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру басты назарда.

Премьер-министр атап өткендей, Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін 3,3 миллион адамды, оның ішінде 2,3 миллион жасты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты тапсырмалар берген. Халықты жұмыспен қамту мәселесін кешенді шешу мақсатында еңбек нарығын трансформациялау жүргізілуде.

Мамандықтар мазмұны өзгеріске ұшырап, экономикадағы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кейбір кәсіптер жойылып, олардың орнына жаңалары пайда болуда. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр елімізде еңбекке қабылетті адамдар саны шамамен 9,6 миллион адамды құраған. Оның ішінде 2,3 миллион адам жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етуде.

Негізгі жұмысшы мамандықтар салалары:

Көлік және байланыс саласы: жүк көліктері жүргізушілері, автобус жүргізушілері, такси жүргізушілері, электровоз жүргізушілері.

Құрылыс және өндіріс саласы: монтаждаушылар, шеберлер, тас қалаушылар, дәнекерлеушілер, слесарлар, электриктер, жабдық операторлары, құрылыс бригадирлері, штукатурлар.

Қызмет көрсету саласы: сантехниктер, трубопроводшылар, қонақүй қызметкерлері, кондитерлер, аспаздар, үй шаруашылығы қызметкерлері.

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы: тракторшылар, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, жер өңдеушілер, малшылар.

Өнеркәсіп және тау-кен саласы: кеншілер, теміршілер, металл өңдеушілер, шахталар мен кен орындарының жұмысшылары.

Балық шаруашылығы мен су транспорты: балық аулаушылар, су транспортының жұмысшылары.

Энергетика және коммуналдық қызметтер: электрмонтаждаушылар, жылу жүйесін жөндеушілер, газ және су жүйесін жөндеушілер, электр қуатын өндірушілер мен тарату қызметкерлері, су және жылу энергетикасының операторлары.

Өндіріс және механика: автокөлік жөндеушілері, құралдар мен станоктар операторлары, машинистер, металлургия және химиялық өндірістің жұмысшылары, машина жасау шеберлері.

Тамақ өнеркәсібі және аграрлық сала: ет, сүт, ұн өндірісінің жұмысшылары, кондитерлер, өсімдік өсірушілер, мал дәрігерлері.

Сауда қызметкерлері: сатушылар, кассирлер, дүкен қызметкерлері, курьерлер.

Олжас Бектенов атап өткендей: «Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамының абырой-беделін арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Олар заманауи талаптарға сай болуға тиіс. Бүгінде елімізде ауқымды логистикалық және энергетикалық жобалар іске қосылып, түрлі салаларда цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. Кешенді шаралар жаңа, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді».

Айта кету керек, осы жылы геология, машина жасау, энергетика, көлік, IT және басқа да еңбек нарығында сұраныс жоғары мамандықтарды игеріп жатқан колледж студенттері мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды. Соңғы екі жылда студенттердің шәкіртақысы екі есеге көбейіп, әлеуметтік қолдауы артты. Колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, студенттердің 90%-ға жуығы жатақханамен қамтамасыз етілді.

Әр өңірде оқу орындары мен өндіріс орындары арасындағы серіктестік кеңейіп, кәсіпорындармен жасалатын дуалды келісімшарттар саны артты. Бұл студенттерге теория мен практиканы қатар меңгеру мүмкіндігін береді.

Экономиканың өркендеуі бәсекеге қабілетті мамандардың еңбегіне тікелей байланысты. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы өндіріс сұранысына сай кадрлар даярланып, жастардың еңбекке орналасу мүмкіндігі артып, жұмысшы мамандығының қоғамдағы мәртебесі де көтерілуде.

Осындай қадамдар еліміздің экономикалық қуатын арттырып, индустриялық дамуды жеделдетеді.

11.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20923
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20708
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35842
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34356
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38239