Алаңға барғандардың бәрі қаһарман немесе шешілмеген мың сұрақ

Алаңға  барғандардың бәрі қаһарман  немесе шешілмеген мың сұрақ

Желтоқсан көтерілісіне – 36 жыл. Аз ба, көп пе? Адамның мүшел жасымен есептесек... бар болғаны үш мүшел жас. Жасымен есептесек... сол қазақ тарихының ызғарлы жылында дүниеге келген сәби дәл қазір қырықты еңсереді екен. 36 жыл! Неге екенін білмеймін, желтоқсан айы жақындағанда үнемі бір сауал мазалайды. Егер төрткүл әлемді дүр сілкіндірген осынау аты шулы көтеріліс болмағанда бабаларымыз ғасырлар бойына аңсаған Тәуелсіздігіміз көк туын желбіретіп келер ме еді, әлде... Үлке-ен, аспанмен таласқан сауал.

Бұл жай сауал емес, тарихи, салмағы бар сауал. Осы алып сауалдың артында тізбектелген көп сауал тұр. Алғашқы сауал тым ащы, тым ызғарлы. Желтоқсан батырларын итке талатқан, ұрған, соққан, қинаған, зорлаған, қоқысқа тастаған, қанын төккен, соттаған, түрмеге тыққан жауыздар неге жазаланбады? Шаханов комиссиясы атын атап, түсін түстеп, оларды билік тарапына ұсынды. Бірақ... олар дін аман. Басты күнәлі адамның бірі Колбиннің өлі денесі мәйітханадан табылып, оны дәрігерлер қолын – қол, аяғын аяқ етіп борша-боршасын шығарып тастағанын естідім. Аллам жазасын берді деген осы! Ал қалғандары ше? Бұл да зор сұрақ. 

Осы күнге дейін әлем бұл көтерілісті мойындап, Желтоқсан қаһармандарын зор құрмет тұтып, батырларға балаған. Ал біздің билік мойындамақ түгілі әлі де дұрыстап мәртебе де берген жоқ. Неге? Кішкентай ғана сауал ма бұл?

Ақтау. Өз елінде, өз жерінде жүрген Желтоқсан батырларының не кінәсі бар? Неден, кімнен ақталады? 1993-95 жж. Желтоқсан қаһармандарын ақтау жөнінде жарлық шықты. Жарлықта белгілі себептері барларды ғана ақтайды. Ал алаңға барғандардың ресми себептері жоқтар ақтала алмайды. Бұл абсурд қой. Көтерілістен соң құжаттардың дені Мәскеудің бұйрығымен жойылды. Енді оларды итпен іздесең де таппайсың. Сондықтан алаңға барғаны жөнінде куәгерлері барлардың барлығы да ақталуы тиіс. Сол бір ызғарлы үрейлі күндері алаңға барғандардың барлығына да қаһарман ретінде құжат беріліп, жеңілдіктер жасалуы тиіс. Бұл неге олай жасалмайды? Түсініксіз мәселе және сұрақ...

Ендігі ең үлкен сауалдың бірі де бірегейі желтоқсандықтардың бастары неге бірікпейді? Қазір Алматы шаһарында 15-16 ұйым, Шымкентте үшеу болса Жамбылдың желтоқсаншылары да екіге жарылып жатыр. Неге бұлай? Бұл санасыздық па, сауатсыздық па, әлде билікқұмарлық па? «Бас басына би болған...» деп зарлап кеткен Абай данышпанды неге тыңдамаймыз? Сонау тоталитарлық заманда ашаршылықта қазақ неге қырылды? Неге бізде сол кезде халық жаулары көп болды? Ынтымақ-бірліктің жоқтығынан. Осыдан неге сабақ алмаймыз? Ау, желтоқсаншы батырларым! Естеріңді жиыңдар, бірігіңдер, бірлесіңдер! «Бөлінгенді бөрі жейді». Біз бұлай тағы да кім көрінгеннің жеміне айналамыз. Желтоқсан көтерілісі, Желтоқсан батыры деген ғажайып һәм қасиетті атқа кір келтірмейікші, дақ түсірмейікші, бауырлар! Еліміз аман болсын, Тәуелсіздігіміз шынайы әрі ұзағынан сүйіндірсін! Әумин!

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380