Аудан бойынша Шу қаласы және 24 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Шу қаласындағы Қосқұдық мөлтек ауданына және Оразалы батыр ауылының ауыз сумен қамтуға қаржы бөлінген болатын. Нәтижесінде Оразалы батыр ауылында жұмыстар аяқталды, Қосқұдық мөлтек ауданындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Сонымен қатар Ақтөбе, Төле би ауылына кіреберіс сол жақ беткейі, Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданы, Енбекші ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда. Көкқайнар, Сауытбек, Көктөбе ауылдарына ауыз су құбырын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді.
Қазіргі уақытта аудандағы 12 елдімекен толық газдандырылған. Газдандыру жоспарына енгізілген 18 елді мекеннің 11-не магистральды газ құбыры салынып, ШРП-лар орнатылады. 2022 жылы қалған 7 елді мекенге магистралды газ құбыры салынатын болады.