"Ауыл аманаты - ел аманаты" Үндеуі

"Ауыл аманаты - ел аманаты" Үндеуі

Ауыл аманаты - ел аманаты" атты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Аманат» партиясы, «Qazaqstan dauiri» газеті, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы аясында сапарға шығады. Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Аманат» партиясы және халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» журналының бүкіл ауыл тұрғындарына үндеуі

Қадірлі ауылдастар!

Ауыл – қазақтың  түп тамыры, рухы, тарихы, шежіресі, қара шаңырағы, ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі  һәм алтын тұғыры. Ауыл – қазақтың тамырына қазақылықты сіңірген, небір нәубеттерден аман алып шыққан, жауһар салт-дәстүрлерімізді аялаған, ұлы тұлғаларды дүниеге келтірген, асыл дініміз бен тілімізді сүйгізген және халқымыздың қара қазанын ортайтпаған алып та қасиетті қазынамыз. Ауыл – қаймағымыз сыпырылып, санымыз азайып, қанымыз сұйылып, рухымыз әлсіреп, санамыз жүдеп, жанымыз тарыққанда қазағын биікке көтерген құтқарушымыз. Ауыл – сан этностарды жатсынбай құшағына сыйғызған, ашыққанға нәр болған, әлемдегі ең қонақжай, ең жомарт қасиетті қара шаңырағымыз. Сол қасиетті де жомарт құтқарушы, қонақжай, алтын тұғыр ауылымыздың бүгінгі жайы қалай? Тәуелсіздігіміздің 30 жылында ауылымыз қаншалықты өзгерді, қандай өзгеріс, жаңашылдық бар. Болашағы қандай? ХХІ ғасыр ауылын жасай алдық па? Инфрақұрылымдары қандай дәрежеде? Республикамыздың түкпір-түкпіріне аттанғалы отырған экспедициямыз осы көкейтесті мәселелерді көтереді. Республикамызда жеті мыңдай ауыл бар дегенмен, олардың сапасы қандай? Кеңес өкіметінің құлауымен ауылдың жағдайы да күрт нашарлады. Тарағандары тарады, тарамағандар ілдалдалап өмір сүріп жатты. Қазір де ауылдың жағдайы мәз емес.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ауылшаруашылығына зор көңіл бөлді. Мемлекет ел экономикасын  және  жұртшылықтың   әл-ауқатын өсіруде осы салаға иек артатынын Президентіміз қадап айтты: 

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауылшаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз».

Президентіміздің ауылшаруашылығына, ауылға ден қоюында зор мән жатыр. Яғни ауылды түлету дегеніміз экономикамыз бен әл-ауқатымызды көтеру екен. Әрине, Президентіміз айтқандай, ауылшаруашылығында көкейкесті мәселелер, кемшіліктер бар. 

Экспедициямыздың басты мақсатының бірі – осы мәселелерді өкіметке жеткізу.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы тура білім күні халыққа жолдаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударуды тапсырды. «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы олқылықтар мен атқарылар жұмыстарды жіпке тізгендей етіп айтып берген болатын.

«Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды», – деген болатын өз Жолдауында Мемлекет басшысы. Бұл да басты назарымыздағы дүние. 

Осы орайда биылғы жылы  біз үшін жағымды жаңалық – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясына қолдау білдіріп отырғаны. Арман біреу, мақсат ортақ. Біздің экспедиция еліміздің бар өңірін аралап қана қоймай, шаруа баққан халықтың жағдайын, кәсіпкерлердің қарым-қабілетін,  мектептердің тыныс-тіршілігін үнемі жазып келеді. Тек мақтау емес, кемшіліктерді де айтудан кенде емеспіз.

Бүгінгі білім ордалары ертеңгі рухты ұл мен қыздың терең білімді болуына жол ашар ұлы бекет! Осы тұрғыдан қарағанда, Оқу-ағарту министрінің бұл қадамы – ұлт болашағына деген қалтқысыз сенімі. Елордада Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті «Біртұтас білім беру бағдарламасы: құндылықтар және оларды қалыптастыру жоспары» атты концепция бекітіпті. Сол концепция аясында әр өңірде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» және «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие»   жиындары жалғаса бермек. Ол құрамда «Qazaqstan dauiri» газеті, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты журналистері де жолға шықпақ. Және басылымның экспедиция құрамында министрлікке қарайтын өңірлердегі жауапты қызметкерлері де бірге жүрмек.

Балалардың бойында ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті сіңіру қажеттілігін айтып, жазып келе жатқанымызға қаншама жыл болды. Сең қозғалды. Сенім күшейді. 

«Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», – депті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Қолдаймыз. Әлі де кеш емес. Иә, заманына қарай адамы өзгерген қоғам қазір. Балалардың бәрін интернет тәрбиелеуде. Осындай кезде үнсіз қалу бәрімізге мін. Ұстаздар ғана емес, ата-аналарда ұрпақ тәрбиесіне мән беруі тиіс. Өйткені бұл ұлт тағдырына тікелей қатысты.

Иә, ауылдың дамуы облыстардың, өңірлердің дамуына ерекше серпін береді. Ал қуатты өңірлер елді дамытудың драйвері екендігін Президентіміз баса айтты. Мемлекет басшысының жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығына сәйкес өткен жылдың соңында «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын. Бұл жобадағы ауылдың әл-ауқатын жақсартуға деген нақты мемлекеттік тұрғыдағы көмектерге тұрғындар зор қызығушылық танытып отыр. Облыстарда бұл жоба кеңінен қолдау тапты. 

 

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЕЛГЕ НЕСІМЕН ТИІМДІ?

1. Отбасылық табысты арттырудың бірнеше жолы бар. Ауыл тұрғындары үйлерін кепілдікке қойып, 2,5 пайызбен несие алады. Сондай-ақ малдай тауар алып, оны төлімен қайтаруға болады.

2. Қатысушылар кооператив құрамына кіріп, техниканы сатып алуға 50 пайызға дейін субсидия алуға мүмкіндіктері бар.

3. Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді, ел экономикасын көтереді. 

4. Жұмыссыздық азаяды. Отбасылық орташа табыс 2 есеге өседі.

5. Жастардың, тұрғындардың ауылдан көшуін тоқтатады.

6. Кәсіпкерлер бекітілген тәлімгер бойынша бизнес-жобалар жасауға зор мүмкіндікке ие. 

7. Медициналық көмек сапасын арттырып, фельдшерлік-акушерлік пункттерді жаңғыртуға болады. Мобильді диагностикалық кешен көмегі ұлғаяды. 

8. Ауылдық мектептерде мамандардың тапшылығы азаяды және білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылған. Ол «Bilim ALL» жобасымен шешіледі.

9. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға да кең жол ашылады.

10. Жобада «Ауыл – ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі» деген мәселеге зор көңіл бөліп отыр.

Осы жерде газет ұжымы тарапынан мынадай ұсынысымыз бар: Елімізде 7500 мектеп бар екен. Осы мектеп ошақтарында қазақтілді газеттер мен журналдарды бір-бір дана жаздыртып алуға не кедергі? Бұл мектеп ұстаздары мен оқушыларына және қазақтілді басылымдарға үлкен қолдау болар еді ғой. 

Ауылға тағы да басқа соны жаңалықтарымен, жаңашылдықтарымен келген, қазір аталмыш жоба мемлекетімізде тұтастай жүзеге асып жатыр. Елдің әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бұрын-соңды болмаған бұл ауқымды жобаға Үкіметтен 52 млрд теңге бөлініп отыр. Шындығында,еліміз жемқорлықпен күресуде. Сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюы мемлекетті құрдымға жіберуі мүмкін. Осықыруар қаржы тістегеннің аузында, асағанның жемсауында кетпесін деген тілек бәрімізде. Биылғы экспедицияның басты мақсатының бірі – «Ауыл аманаты» жобасының іске асып жатқан игіліктерін үлгі-өнеге ретінде республикада кеңінен тарату және оны мүмкіндігінше сұқ көздерден сақтау. Біз бәрімізде осыған жұмылуымыз қажет. Осы негізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін де кеңінен насихаттаймыз.

 

Сонымен, құрметті ауыл жанашыры!

Біз бәріміз бірлесіп ауылға нақты, батыл қадам жасамасақ, немқұрайдылықтан арылмасақ, тек ауыл ғана емес, бүкіл ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағы бұлыңғыр болып, берекесіздік етек алатыны сөзсіз. Ауылды қалай жаңғыртамыз, оны бүгін бастамасақ, ертең кеш болады. Осы Үндеу аясында сіздерге ой тастау мақсатында бірнеше қағидаттарды назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

1. «Оян, қазақ!» демекші, алдымен өзіңіз, ауылдың әрбір азаматы оянып, дүр сілкініп: «Бұл – тек менің ауылым! Осы туған ауылыма не істей аламын?» деген көзқарасты, жаңашылдықты,  сенімді, жауапкершілікті жүрегімізге ұялатайық. 

2. Ауыл ажары алдымен сіздің үйден басталуы тиіс. Үйіңіздің сыртқы келбетіне көз жүгіртіңіз. Ағаш, гүл егілген бе? Тазалық қалай? Қақпа, дуал, қоршаулары қалай? 

3. Көшеңіз қалай? Асфальттанған ба? Шашылып жатқан күл-қоқыстар жоқ па? Су құбыры, газ тартылған ба?

4. Өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру өзіңнің қолыңда, қадірлі ауылдас. Қашанда ауылда белсенді азаматтар мен азаматшалар болған, әлі де бар деп білеміз. Тек белсенді ғана емес, қолынан іс келетін, адал, тәртіпті, ойын ашық айта білетін азаматтар, әсіресе жастар  бас қосып, Өзін-өзі басқару тобын құрған жөн. Бұл қоғамдық топ әкіммен біте қайнасып жұмыс істеуі тиіс. 

5. Салт-дәстүрлеріміздің айнасы – осы ауыл. Бұл құнды мәселе шынында да ауылдан  бастау алуы керек.  Жастарымызды салт-дәстүрлерімізбен сусындатып, дінімізбен нұрландырып, тіліменен байытып, Отанымен мақтаныш тұтқыза білсек. Арақ-шарапты жолатпай, салауатты өмірге үйренсек, ауылға береке келеді. 

6. Мектеп түлектері – қашанда ауылымыздың жарқын болашағы. Осы алтын бесігімізде тәрбиеленген ұрпағымыздың өз ауылына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту – басты парызымыз. 

7. Ауылдың әрбір тұрғыны, отбасысы – ең үлкен байлығымыз. Кедей отбасыларға ауыл болып көмектесу, қасіретке ұшырағандарға демеушілік жасау – әрбіріміздің парызымыз. Өйткені береке-бірлік те, бақ пен рух та отбасынан, балабақша мен мектептен басталады. Енді тағы бір айтатын мәселе туған ауылынан сыртқары жүрген азаматтармен де құрылған топ байланысты үзбей, олардың демеушілігіне жүгіну қажет. 

Қадірлі ауылдастар! Біздің ауылымыз мемлекетіміздің іргетасы іспеттес. Әрбіріміз ауылымызды көтеруге, оның шаңырағының биік болуына үлес қосуға міндеттіміз. Сонда ғана ауыл өмірі көңілді, ондағы әрбір отбасы да байып, рухани жағынан нұрлана түспек. Кәнеки, осы айтылғандарды, көтерілген көкейтесті мәселелерді көңілден тыс қалдырмай, іліп әкетейік. Ауылымыздың шаңырағы биіктеп, мәртебесі ассын!

 

«Qazaqstan dauiri»  ЖШС  Бас директоры:  Сәуле Мешітбайқызы

ҚР Оқу-ағарту министрі: Ғани Бейсембаев

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:  Айдарбек Сапаров

«Аманат» партиясының төрағасы:  Ерлан Қошанов

 

22.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 27
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 16
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 28
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 24
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8950
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8344
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11570
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9328
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10554