Автобустар көбейді

Автобустар көбейді

Мегаполистегі басты мәселенің бірі жолаушылар тасымалы болып келгені жасырын емес. Автобустардың ескіргені, бағыттардың жолаушыларға қолайсыздығы, кестеге сай жүрмеуі, қаладан қашық орналасқан шағын аудандарда автобустың мүлдем болмауы осыдан бірнеше жыл бұрын шымкенттіктер үшін күрмеуі қиын жайт еді. Жыл өткен сайын бұл салада ілгерлеушілік бар. Шымент көшелерінде жаңа жолаушыға ыңғайлы автобустар саны көбейген. Жүру бағыттары да оңтайландырылған.

Десек те жолаушылар тасымалына қатысты мәселе әлі де болса бас көтеріп тұрады. Соның айғағы болар, жуырда Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында тағы да автобустың жыры көтерілді. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар жүру тізіміне жаңа 7 бағытты енгізу мәселесі шешілетін болды. Мұны депутаттар алдында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді. Алдағы уақытта № 9, 37, 87, 68, 69, 72 және 126 бағыттар да тізімге қосылып, осылайша әлеуметтік маңызы бар көлік бағытының саны 64-ке жетіп отыр. Көтерілген мәселелердің өзектілігіне тоқталған қала әкімі М.Әйтенов қаладағы барлық 81 елдімекенді қоғамдық көлік қатынасымен қамту бойынша жүйелі жоспар түзілгенін, қазіргі таңда орындалу көрсеткіші 82 пайызға жеткенін мәлімдеді.

Негізінде Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Қалада қоғамдық көлік жұмысын оңтайландыру, сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы әзірленген. Соның нәтижесінде мегаполиске су жаңа автобустар сатып алына бастады. Бірқатар бағыттар жаңарып, электронды «TOLEM» жүйесі енгізілгені белгілі. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы саланы цифрландыруда әжептеуір табысқа жетіп отыр. Биыл Шымкентте «I-kolik» қосымшасы мен avtopark-shymkent.kz сайты іске қосылды.

– Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық, келеңсіз жағдайлардың алдын алуды үйренеді. Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқаруға орналаса алмайды. Сонымен қатар, сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші еңбек тәртібін бұзса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті айдау жұмысына орналасуы екіталай болмақ. Жолаушылардың талап-мүддесін орындап, қызмет сапасын жақсарту бағытында бізге жүктелген жауапкершілік, міндет ауқымы артып отыр. Бұл – қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір парасы,– дейді қалалық оқыту және сертификациялау орталығының директоры Ж.Сардаров.

Іске қосылғанына бес ай болса да «I-kolik» қосымшасын қолданушылардың қатары күн санап артуда.

– «KazITService» компаниясы жасаған «I-kolik» қосымшасын «PlayMarket» және «App store» арқылы жүктеген қолданушылар 100 мыңға жуықтады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қосымшаны пайдаланушылардың басым көпшілігі жобаға оң бағасын берген. Бүгінде мегаполистегі қоғамдық көлік қызметі 100 пайыз автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Яғни, көліктің қай жерде, қай уақытпен кетіп бара жатқанын GPS қондырғылары арқылы бақылап отыруға болады. Қала тұрғындары мен қонақтары қосымшаны жүктей отырып, автобустардың жаңарған бағыттары мен қозғалысын бақылай алады. Жобаны бақылаушы ретінде бізге де тиімді. Көлік жүргізушілерінің қанша уақыт жұмыс істейтінін көріп отырамыз. Бұрындары жұмыс графигі аяқталмай қайтып кететіндері болатын, – дейді маман.

Содан да болар өткен жылмен салыстырғанда биыл қоғамдық көлік қызметінің жұмысына шағымданушылар қатары екі есеге дейін азайған.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент.
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804