Елорда – егемендік символы

Елорда – егемендік символы

1997 жылдың 20 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар 10 қазаннан бастап Сарыарқа даласына көш түзеді. 1998 жылдың 6 мамырында сол кездегі ел президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы 10 маусымда әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Ал 2019 жылдан бері қала Нұр-Cұлтан деп аталып келеді.

Негізінде 1994 жылдың 6 шілдесінде ҚР Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Сол уақыттан бастап астананы көшіру жұмыстары жүргізіле бастады. Ерке есіл жағасы алып құрылыс алаңына айналды. Құрыш қолды құрылысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында аз ғана  жылдың ішінде жас қала – астананы әлем мойындады. 24 жыл бұрын 290 мыңдай ғана тұрғыны болған шағын қала бүгінде 1 млн 200 мыңнан астам халқы бар шырайлы шаһар.

Қазақ астаналары тарихына көз салсақ, олрталықты Ақмола-Қараөткелге көшіру туралы Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласында: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деп жазған екен. Сонымен қатар Польша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы, поляк революционері Адольф Янушкевич те «Ақмола, мәселен, бүкіл қазақ даласының болашақ астанасы» деп тұжырым жасағаны туралы тарихи деректер бар.

Қалай десек те қазақ елінің астанасының ауысуы тарихи шешім Елбасының еңбегі, тәуелсіздік тарихы. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуел­­сіздік дәуірі» кітабында: «Қа­зақ­станның жаңа астанасының жо­басы кездейсоқ пайда болған жоқ. Тәуелсіздік алған күннен бас­тап жаңа жағдай, сол жағдай ерек­шеліктерін көлденең тартқан мүл­де басқа мемлекеттік ахуал қалып­тас­ты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық фак­­торлар бізді өз геосаяси кеңіс­ті­гі­мізді қайтадан қалыптастыру про­цесіне жаңа көзқараспен қарау­ға мәжбүрледі» деп жазды. Елдің стратегиялық мүдделері де орталықты көшіру туралы идеялар пайда болған алғашқы жылдары жазылды. Таңдау 32 өлшем бойынша жасалды. Басты көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайлар, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, әрі оны дамытудың келешегі, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқа да өлшемдер зерттеліп зерделенді.

Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан астанасы 1999 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағын иеленіп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Нұр-Сұлтан қаласы (Астана) барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Қалада астана мәртебесіне лайық түрлі халықаралық деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, ЕҚЫҰ саммиті, 7-ші қысқы Азиада ойындары,  әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері,  EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі және тағы да басқа іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 63
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 114
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 48
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 342
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6444
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8156
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6525
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6660