Кәсіптік бағдар беру ЖУРНАЛИСТІК ӘДЕП ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Кәсіптік бағдар беру  ЖУРНАЛИСТІК ӘДЕП ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгінгі таңда еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде түрлі мәдени-ағарту, рухани және кәсіптік бағыт-бағдар беруге арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Осындай жастарға кәсіптік бағыт-бағдар беруге арналған “Журналистік әдеп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбындағы сұхбат Шыршық қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектепте өтті. Шараны мектеп директорының рухани-ағарту істері бойынша орынбасары Сәуле Сәрсенбаева мен білікті оқытушы Сәуле Құрбановалардың бастамасымен ұйымдастырылды. 

Оған Өзбекстан Республикасы Парламентінің “Халқ сузи” және  “Народное слово” газетінің жауапты хатшысы, журналист, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің аға оқытушысы Нұрлан Усманов қатысып, оқушыларға журналист мамандығы және оның ерекшеліктері туралы айтты. 

Жастар үшін кәсіптік бағдар берудің маңызы зор. Мамандармен кездескенде жастар өздерінің сол мамандыққа деген қызығушылығы шынымен де жоғары ма, жоқ па, өздерінің бойында қалыптастырған дағдылары мен қабілеттері жеткілікті ме, әлде жеткіліксіз бе, ойлап көруге, талдауға және өздерін дамытуға бет бұрады. Кездесу бұл жастар үшін жақсы мүмкіндік деп санаймын. Өйткені көпшілік жастар кәсіп таңдауға қиналады, толық ақпаратқа ие болмаған соң кейде заман талабы немесе ата-анасының таңдауына сүйенеді. Уақыттың өтуімен мамандықты дұрыс таңдамағанын, қателік жасағанын, уақытын жоғалтқанын түсінеді. Қайта білім алу біріне бұйырса, басқасына бұйыра бермейді. 

Кездесуде Нұрлан Усманов жастарға журналист мамандығы туралы кең ақпарат берді. Сонымен қатар ол оқушыларға журналистің әдебі мен әлеуметтік жауапкершілігіне тоқталды. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі — объективті ақпарат беру, фактілерді тексеру, жалған ақпарат таратып, сенсация жасаймын деп жұртты дүрліктірмеу, біржақты ақпарат бермеу, сондай-ақ жазған жазбаларының қоғам мен жеке тұлғаларға тигізетін әсерін басты назарда ұстау қажет дейді ол. 

Шарада журналистің міндеті нақты ақпарат жариялау, қоғамға, өз елінің мүддесін қорғауға бағытталған маңызды мәселелерді көтеру, журналистік этиканы сақтау және дезинформациямен күресу сынды бірқатар талаптарды қамтитыны да спикер тарапынан тілге тиек етілді. 

Сонымен қатар Н.Усманов өзінің балалық, студенттік шағын, ең алғаш шығармашылық жолын бастаған “Нұрлы жол”, “Маърифат” пен “Учитель Узбекистана” газеттері, сондай-ақ қазір өзі қызмет ететін “Халқ сузи” мен “Народное слово” басылымдары туралы әңгімеледі. Жұмыс үдерісі туралы ақпарат берді. Ол мектепте де озат оқушы болғанын, сол кезде “Алтын медальмен” бітіргенін әрі мақтанышпен, әрі балаларды ынталандыру мақсатында айтып өтті. Жемісті еңбегінің арқасында бірқатар төсбелгілер және “Шухрат” медалін алғанын оқушылармен бөлісті. Кездесудегі ең керемет кезең де осы сәт болды, оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарын жаудырды.  

 

 

Еліміздің жан-жақты әрі тұрақты дамуына, экономикасының көтерілуіне, халықаралық қатынастар мен ұлтаралық татулықты насихаттауға, достықты  нығайтуға үлес қосқан кез келген азамат ең алдымен халықтың, содан соң мемлекеттің назарынан тыс қалмайтыны белгілі. Осы бағытта көпжылдардан бері еңбек етіп келе жатқан Н.Усманов та өзінің лайықты бағасын алған. Шарада ол оқушыларға Өзбекстанда жастарға, балаларға және қыз-келіншектерге жасалған барлық мүмкіндіктер туралы айтты. Бүгінгі білім беру саласындағы жетістіктер, жастарға жасалған жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектер бұрын өзі оқыған кездерде жеткілікті деңгейде болмағанын, ал қазір өте көп мүмкіндік бар екенін, ешкім назардан тыс қалмайтынын айтып жастарды ынталандырды. 

 

 

Шынында да, соңғы жылдары елімізде жастар мәселесі мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріліп, олардың білім алулары, түрлі сайыстар мен байқауларға қатысуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Білім алуға да, кәсіп меңгеруге де, біліктілігін арттырып ғылыммен айналысуға да шекара жоқ. Шекара аспай-ақ әлемнің кез келген беделді жоғару оқу орындарына онлайн оқуға тапсырып, оқып жатқан жастар мұның жарқын дәлелі. Мемлекет басшысы биылғы жылды “Жастар және бизнесті қолдап-қуаттау жылы” деп текке жарияламады. Атаулы жылдың мақсаты айқын, жастарды жан-жақты қолдап, табысы аз отбасылардың білімді балаларына мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік көмектер көрсету және бизнестерін өрге домалатуға жағдай жасау. 

 

 

Кәсіптік бағдар беру жастарға еңбек нарығының талаптарын жақсы түсінуге, өзгермелі жағдайларға бейімделуге және таңдаған саласында табысқа жету үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бұған қоса, бұл мотивация мен өзін-өзі бағалауды арттыруға себепші болады, сондай-ақ жастар еңбек жолын сәтті бастауына септігін тигізеді. Сонымен қатар мамандықтар туралы жеке хабардарлығы артады, экономикалық жақтарымен танысады, шешім қабылдауға түрткі болады және жеке қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкес келетінін анықтайды. 

Қорыта айтқанда, әр саланың мамандарымен кездесулер ұйымдастыру арқылы жастарға кәсіптік бағдар берумен қатар олардың өзін, қызығушылықтары мен қарым-қабілетін жақсы түсінуге көмектесіп, саналы шешім қабылдауға ықпал етеді. 

 

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Өзбекстан Республикасында шығатын “Нұрлы жол” газетінің тілшісі.
16.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 323
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 316
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 940

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619