«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде өткізілді.

Бұл күні облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мәдениет, білім, спорт мекемелері, діни орындарда, сонымен бірге, кәсіпкерлік, туристік нысандар, ірі сауда орындары, дүкендер мен мейрамханалардың аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағында 1000 гүл отырғызылып, Талас өзенінің бойы, «Бәйтерек» шағын ауданында өткізілді.

«Бәйтерек» шағын ауданында өткен акцияға жастармен бірге полиция қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Мұндай акция облыстың барлық аудандарында, ауылдық округтерінде болып өтті. 

Облыс көлемінде іске асып жатқан көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы аясында «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала»  «Үлгілі аула» конкурстары өткізілуде.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар.

Телеграмм-бот ашылғалы бері жалпы 522 өтінім  түскен, оның 91% орындалды. Кейбір өтінімдер жарнама бағытында болғандықтан кейін қайтарылған. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.

 

«Таза Қазақстан» — еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұлттық жоба. Оның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, халықты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Бүгін Жамбыл облысының барлық аудандарында, облыс орталығында ұйымдастырылып отыр.

Жыл басынан бері акция аясында 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 50 мың тұрғын үй аулалары мен 2,5 мың  шақырым көшелер тазаланып, 5 мыңнан тоннадан аса қоқыс шығарылды. 130 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 2,5 мың ағаш санитарлық бұталанды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты қоқыстардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 180 бірлік техника жұмылдырылды» — деді Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Смат Сатымбеков.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5577
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20695
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19326
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22789