Бүгін аудан орталығында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Шұғыл әрекеттің негізгі мақсаты – қыс мезгілінде төтенше жағдайларды жою кезеңіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау.
Оқу-жаттығу жиынына Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы арнайы қатысты.
Оқу-жаттығу штабының бастығы – Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.Султанов қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатындағы арнайы тактикалық оқу-жаттығу аясында 12 авариялық-құтқару құрылымдары, яғни 57 адам мен 17 техникаларының қатысуымен саптық қарау жүргізілді.
Өз кезегінде бөлім қызметкерлері, ауылдық округтің әкімдері мен азаматтық қорғау қызмет басшылары қыс мезгілінде жоспарланған жұмыстар туралы айтты.