200 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

200 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа пәтерлер пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлер мемлекеттен тегін берілетін арнаулы қызметкерлерге арналған кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап салынған. Осылай 200 отбасы жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын тойлады.

Пәтер иелерін құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев осы шағын ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тағы да он екі көп пәтерлі жалға берілетін тұрғын үймен қатар, «Отбасы банкі» салымшылары үшін бес кредиттік көп қабатты үйдің құрылысын аяқтау межеде тұрғанын көпшілікке қуанышпен жеткізді.

Аудандарда атқарылған іс шаралар

Біржан сал ауданында Конституция күні қарсаңында Андықожа батырдың ескерткіші, Еңбекшілдер ауылдарында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына орай, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен салынған балаларға арналған спорт және ойын алаңдары ашылды.Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов, спорт ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Кешенді алаңдарға футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, балалар ойын алаңдары және стрит-воркаут алаңдары бар.

Іс-шара барысында аудан әкімі жергілікті жастар командаларына спорттық киімдер жиынтығын, баскетбол және футбол доптарын сыйға тартты. Іс-шараға қатысқан ақсақалдар ауыл тұрғындарын жаңа нысандарға ұқыпты қарауға және оларды мақсатты пайдалануға шақырды. Әкім аудан тұрғындарына келесі жылы Кеңащы, Жөкей, Сәуле және Алға ауылдарында төрт балалар ойын алаңын салу жоспарланғанын жеткізді.

Осындай игі шара Шортанды ауданындада жалғасты. Онда балаларға арналған спорт алаңдары аудан орталығы Шортан кенті, Дамса, Научный, Бозайғыр, Новокубанка ауылдарында пайдалануға берілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше 7000 жуық адам тұратын Шортанды кентінде тамыз айының соңына дейін тағы бір ойын алаңы пайдаға берілмекші екен.

 

Дахан ШӨКШИР
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803