Павлодар облысынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына аптасына 18 рет ұшақпен жетуге болады. Жолаушылардың барлығы әуежайға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіре алады.
«Павлодар әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Жандәулетовтің айтуынша, осы жылдың 21 шілдесінде Павлодар-Түркістан бағытын-дағы әуе рейсі ашылды. Облыс тұрғындары оңтүстік өңірге «Scat» компаниясының ұшағы арқылы аптасына үш рет жете алады. Ал 9 тамыздан Павлодар – Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе байланысы қайта жаңғырды. «Qazaq Air» компаниясы жолаушыларға дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі мен жұма күндері қызмет көрсетеді. Павлодар-Алматы қалаларының арасын «Fly Arystan» компаниясы жалғайды. Аптасына барлығы 11 рейс жасалады. Атап айтқанда, әр күн сайын сағат 17.25-те және сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері 08.05-те ұшақтар сапарға аттанады.
– Әуежайда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істейді. Қызыл және сары мәртебесі бар тұрғындар ғимаратқа кіре алмайды. Сондай-ақ, әуежайдың 200-ге жуық қызметкерінің барлығы коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды, – деді Е.Жандәулетов. Әуежай басшылығы барлық санитарлық талаптар сақталатынын және әр рейстен кейін өңдеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.