Шаһар шаруашылығы қарқынды дамуда

Шаһар шаруашылығы қарқынды дамуда

Биыл алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарған. Соның ішінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев әсіресе, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамыту, салаға инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінде қарқынды өсім бар екенін мәлімдеді.

Бұл саланың оң нәтиже көрсетуі бірінші кезекте мемлекеттің отыз жыл ішінде шаруаларға берген қолдауының арқасы екенін мамандар жасырмайды. Егін еккен, мал ұстаған жандарға әкімдік тарапынан төленетін субсидиялардың берілуі және оның көлемі де экономикалық жағдайға байланысты өсіп отырады. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді төмен пайызды қаражатпен қолдайтын қаржы ұйымдары көп. Олардың қатарында шағын несиелеу ұйымдарынан бастап Ауыл шаруашылығын қолдау қоры, Агрокредиттік несие корпорациясы сияқты ірі қаржы институттары бар.

Жалпы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылында қол жеткізген жетістіктер аз емес. Шымкентте қай саланы алып қарасақ та өсім барын көреміз. Солардың ішінде ауыл шаруашылығы саласын ерекше атап өту керек. Салаға құйылған инвестициялардың нәтижесінде шаруалардың жағдайы жақсарып, ішкі және сыртқы нарықта салмақты рөл ойнайтын ірі өндірушілер пайда болды. Мемлекет арқылы берілетін түрлі субсидиялар мен дотациялардың көмегімен ұсақ шаруашылықтар егістік жерін игеруге, мал ұстап, оның басын көбейтуге мүмкіндік алды.

Қаланың республикадағы үшінші мегаполис статусын алуына байланысты оның аумағы да ұлғайды. Сонымен қатар, шаһарға қосылған елді мекендер есебінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі де өсті. Мегаполис болған соң республикалық қазынадан бөлінетін қаржы көлемі де артты. Қомақты қаражат әлеуметтік мәселелермен бірге агроөндірістік кешенге қатысты проблемаларды шешуге бағытталды. Мәселен, суармалы жер көлемін ұлғайту мақсатында соңғы жылдары қалада ескірген ирригациялық жүйелер қалпына келтіріліп, арықатыздар, каналдар күрделі жөндеуден өткізілді.

Шаһардың ауыл шаруашылығындағы жетістіктерін мына ресми деректерден де байқауға болады. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының берген мәліметіне сәйкес, ірі қара мал басы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 11 мыңнан 76,2 мыңға көбейген, яғни өсім 6,9 есені құрап отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында қалада 34,6 мың қой мен ешкі болса, бүгінде оның саны 91,5 мыңға жетті. Отыз жылда уақ мал 2,6 есеге өскен. Шаруалардың қолында қазір 14,1 мың жылқы бар. Оның саны осыдан он жыл бұрын 1,4 мың ғана еді. 1991 жылы тіпті одан аз, небәрі 900 болды. Сонда тәуелсіздік кезеңінде жылқы басы 15,7 есеге көбейген. Шаһарда құс шаруашылығы 1997 жылдан бастап нақты қолға алына бастаған. Сол шақта 24 мың құс болса, қазір оның саны миллионнан асып кетті. Яғни құс саны 47 есеге артқан. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де отыз жылда әжепәтеуір ұлғайған. Мәселен, 90-жылдардың бас кезінде бар-жоғы 0,3 мың тонна ет өндірілсе, биыл оның көлемі 9,1 мың тоннаны құрап отыр. Тәуелсіздік кезеңінде ет өндірісі 30 есеге бір-ақ шарықтаған. Сол секілді сүт өндірісі де 1991 жылы 2,1 мың тоннадан 47,2 мың тоннаға өскен. Шымкентте 1998 жылы 2,3 млн дана жұмыртқа өндіріліпті. 2001 жылы оның көлемі 2,7 миллионды құраса, он жыл аралығында жұмыртқа өндірісі 161,9 млн данаға ұлғайған. Небәрі 23 жыл ішінде оның көлемі 70 есеге артып отыр.

– Тұрғындар саны жылдан-жылға артып келе жатқан республиканың үшінші мегаполисін азық-түлікпен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрған мәселе, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков. Сондықтан шаһар өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Осы орайда басымдықты ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласына және өндірістік жылыжайлар бағытына беріп жатырмыз. Бар міндет – қолда бар егіс алқаптарын тиімді пайдаланып, заманауи технологиялардың арқасында өнім көлемін арттыру. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын жетекші салаға айналдыру керектігі жайлы тапсырма берген. Осыған байланысты бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласы бағытындағы жұмыстар Жолдаудағы тапсырмаларды орындау мақсатында іске асырылуда. Сонымен қатар, қалада екі бірдей агроиндустриалды аймақты іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оның біріншісі – көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 гектар аумақтағы заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені. Оларды салуға арнайы жер бөлініп, І кезеңде жалпы құны 9,4 млрд теңгені құрайтын 30 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салуға ниетті 8 инвесторға жер 12 жылға жалға берілді. Кешен құрылысының жұмыстары осы жылы аяқталып, 450 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал ІІ кезеңде жалпы құны 21 млрд теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 60 гектарға жылыжай салынатын болады. Екінші агро-индустриалды аймақ Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағында орналасқан. Онда ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделеді. Бұл кешен «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы деп аталады. Оны құру жұмыстары мемлекет тарапынан қолға алынып жатыр. Келешекте онда 22 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылады. Және 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Биыл І кезеңге сәйкес жалпы құны 6,7 млрд теңгені құрайтын 6 жоба қолға алынбақ. Соның нәтижесінде 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндірісіне қол жеткіземіз. Ал егін шаруашылығы бойынша 70 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, жалпы өнім көлемі 37 млрд теңгені құрайтын болады, – деді Асқар Сәкенұлы.

Шымкенттің ауыл шаруашылығы бойынша қол жеткізген табыстарының бірі – жылыжай кешендерінің құрылысы. Жалпы, қалада бүгінгі таңда 103 гектар жылыжай бар. Жергілікті әкімдіктің ендігі мақсаты жылыжай көлемін ұлғайтып, өндірістік ауқымда көкөніс өсіруді жандандыру. Тәуелсіздік жылдарында қаламызда ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділік те артты. Оған соңғы жылдары жүзеге асырылған инновациялық жобалар арқылы көз жеткізуге болады. Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны Шымкентте жоғары екені Үкіметте де айтылды. Мәселен, жыл басында өткен Үкімет отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері баяндалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, оларды сақтау мен саудаға шығару жұмыстары қажырлы еңбек пен жұмыс күшін талап ететіні түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда бұл салада мыңдаған адам тер төгіп, еңбек етуде. Тіпті, қала шетіндегі елді мекен тұрғындары ауладағы алаңға егіс егіп, қорасында мал бағып, сол шағын шаруашылықпен-ақ отбасылық бюджеттің бір бүйірін қомпайтып отыр. Сонымен қатар, агросаланың дамуы жалпы сауда нарығындағы белсенділіктің артуына оң әсерін тигізуде. Сандарды сөйлетсек, Шымкент қаласында 1991 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымының жалпы көлемі 2,3 млрд теңге болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 414,6 млрд теңгені құрады. Бұдан бөлек, көтерме сауда айналымының жалпы көлемі 1995 жылы 266,6 млрд. теңгені құраса, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық мәлімет бойынша ол 893,1 млрд теңгеге дейін өскен. Сарапшылар бұл қала аумағында сауда саласын дамытудағы шаралардың оң бағытта екендігін және көршілес өңірлер арасында, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттермен тауар алмасудың жоғарғы деңгейде жүріп жатқандығын көрсететінін алға тартады.

Сонымен бірге, соңғы жылдары қаламызда бой көтерген ірі сауда желілері, ойын-сауық орталықтары, базарлар және ішкі сауда нысандарының да жалпы экономикаға, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына қосар үлесі жоғары.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент.
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804