Бөлісу
Сүйікті ісіңмен айналысу, оны егжей-тегжейлі білу – сәтті бизнестің басты ережелерінің бірі. «Жанұя-61» стоматологиялық клиникасы соның дәлелі.
Пациенттердің айтуынша, мекеме қызметкерлерінің арқасында клиникада жайлы жағдай орнаған.
Стоматологиялық клиниканың директоры, стоматологтар әулетінің жалғастырушысы Балжан Сүйіндік осындай жағдайды орнату құпиясымен, тегін стоматологиялық көмек көрсету жайлы жақсы жаңалығымен бөлісті.
-Балжан Ержанқызы, пациенттердің дені сіздердің клиникаға келуді ұнатады және клиниканы туған-туыстарына, жора-жолдастарына ұсынып жатады. Мұның құпиясы неде және істі бастағандарыңызға қанша жыл болды?
-Биыл клиникамыздың жұмыс істей бастағанына 25 жыл толады. Бастапқыда біз «Тлебаев» ЖК болатынбыз. Пациенттерді шағын стоматологиялық кабинетте қабылдайтынбыз. 2013 жылдан бастап біз стоматологиялық клиника болып ашылдық. Қазір мекемеде 10 адам жұмыс істейді.
Клиникаға келген кез келген адамның «өз дәрігерін» табуы біз үшін маңызды. Стоматологиялық қызметтер және көмектің толық кешенін ұсынғандықтан адамдардың көбі дәл біздің клиниканы таңдайды деп ойлаймын. Біздің стоматологияда тіспен байланысты әртүрлі проблемалар шешіледі және біз нәтижеге кепілдік береміз. Біз терапиялық стоматология, гигиена және профилактика, протездеу, имплантология, ортодонтия, эстетикалық стоматология, рентген, т.б. сынды қызмет көрсетеміз. Жұмыста басшылыққа алатын басты қағида – жұмысты сапалы орындау. Оны білген пациенттер біздің клиниканы ұнатады. Және де жақсы құрал-жабдық емдеудің сапасы мен жайлы болуына айтарлықтай ықпал етеді.
-Білуімізше, клиникаларыңыз отбасылық бизнес…
-Әулет болып жұмыс істеген ұтымды. Кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндігі бар, ата-ана істің қыр-сырымен бөлісіп, көп нәрсені үйретеді, істі сапалы жалғастыруға болады. Клиниканың негізін қалауші, оның «генералы» — менің әкем Ержан Сүйіндікұлы Тлебаев. Ол 40 жыл жұмыс тәжірибесі бар ортопед дәрігер, бала күнімнен оның жұмысы маған үлгі болды. Әкемнің ізін басып, ортопед-ортодонт дәрігер болдым. Жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті. Мамандығымды жақсы көретінім соншалықты білім алудан әлі күнге дейін жалықпаймын.