Маңғыстаудағы экологиялық ахуал. «Қошқар ата» қоймасы – ең өзекті мәселе

Маңғыстаудағы экологиялық ахуал. «Қошқар ата» қоймасы – ең өзекті мәселе

«Қошқар ата» 1965-1994 жылдар аралығында қалдықтар қоймасы ретінде пайдаланылған. Қоймада бұрыңғы Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш зауытынан барлығы 105,1 млн  тоннаны  құрайтын қалдық жиналған.  Соның ішінде көлемі 51,8 млн тоннаны құрайтын әлсіз радиоактивтік қалдықтар топырақ бетінде болғандықтан, өңірдің басты экологиялық мәселесіне айналды. Қалдық қоймасы Каспий теңізінен 7, ал Ақтау қаласынан 3, Басқұдық ауылынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан.

Деректерге көз жүгіртсек,  қалдық қоймасына 2002-2011 жылдар аралығында  бірнеше шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары радиоактивті және уытты қалдықтардың шаңдану дәрежесін бағалау, радиологиялық зерттеу бойынша мониторинг жүргізген екен. Барлық ғылыми-зерттеу мекемелері  көлді залалсыздандыру, топырақпен тұмшалау арқылы қайта қалпына келтіруді ұсынған. Ол үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік құрғаған бөлігін 30-35 см қалыңдықта инертті топырақ қабатымен жабу және оңтүстік бөлігінің айналасына жасыл қорғаныш аймағын құру көзделді. Осыған байланысты, республикалық бюджет есебінен 2007-2009 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Уран кеніш тарату» мекемесіне  395 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, ауданы 65 гектар болатын радиациясы жоғары деңгейдегі бірнеше жер телімдері жойылып, радиологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал еткен. Қойманың оңтүстік бетіндегі екі траншеядағы радиоактивті қалдықтар оқшауланған және қалдық қойманың өзіндегі ең белсенді үш дақ жабылған.

Одан әрі мәліметтерге жүгінсек, 2014 жылы 4279 гектарды құрайтын жердің құнарлығын қалпына келтіру кезеңіне қатысты жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, 2019 жылы желтоқсан айында жұмысты бастау үшін «Павлодар өзен порты» АҚ мердігер болып анықталды. Биыл наурыз айында мердігер өз қаражаты есебінен, қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастап, 100 гектар жерге 300 мың текше метр топырақ төседі. Ал мамыр айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жобалық-сметалық құжаттаманы қайта қарау және қалдық қойманы қосымша зерттеу, зерделеу үшін ҚР «Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына»  және  ҚР «Ядролық физика институтына» тапсырма  берген, егерде жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілетін болса, жоба құны артып, кем дегенде 7-12 ай уақыт алатындығы белгілі. Министрлік жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қалпына келтірілген аумақта фонның артқаны анықталмағанын хабарлап, жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырғаннан кейін, қалдық қойманың аумағын қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізетіндігін ескертті. Осыған байланысты осы жылдың қараша айында республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Мердігер жұмыстарын бастап кеткен. Жыл соңына дейін бөлінген қаражатты толықтай игеруге жұмыстанбақ екен.

Ел президенті Қ.Тоқаев Маңғыстау облысына іссапарында «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтіруді үш жыл мерзімде аяқтауды тапсырған еді. Бұл ауқымды қаражат бағытталғанымен жылдар бойы бір орында тұралап тұрған күрделі жобаның бойына қан жүгіртер соны серпін болмақ деген сенім бар. Улы көлді залалсыздандыру, топырақ жабынымен тұмшалау қалдық қоймасына жақын орналасқан елді мекендер үшін де аса маңызды. Бүгінде халық арасында қатерлі ісік дертіне, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту жүйесі, қалқанша безі ауруларына шалдыққан науқастар жиілеп барады. Сондай-ақ шала туған шақалақтар, дімкәс, туа бітті кемістігі бар жарымжан нәрестелердің көбейіп жатқандығы байқалады. Бұл күнделікті көзіміз көріп жүрген ахуалдан түйген ой. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында мағлұмат сұратқан едім.  «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына жақын орналасқан елді мекендердің санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайы мен микроклиматын тұрақтандыру мақсатында 2015-2020 жылдары 88,2 гектар жерге 238 750 қара сексеуіл және жүзгін отырғызылып, жасыл желек өсірілген.  Сондай-ақ «2020-2025 жылдарға «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы айналасында ауданы 150 гектар жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша аймақты зерттеу және шығындарды есептеу» ғылыми зерттеу жұмысы жасақталған. Сметалық құжаттамада 150 гектар жасыл қорғаныш аймағына 400 мың түп қара сексеуіл көшеттерін отырғызу жоспарланған, жобаның жалпы соммасы  600 млн тенгеге жуық қаржыны құрайды. Жуырда жергілікті бюджет қаражаты есебінен  «Қошқар-Ата айналасында жасыл қорғаныш аймағын құру» жобасын іске асыру үшін 2021-2023 жылдарға Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағымен 125,3 млн теңге сомасына  келісімшарт жасалған.

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасына 2022-2024 жылдарға жергілікті бюджет есебінен қосымша 40 гектарды қаржыландыруға бюджеттік өтінім жіберген. 

 

Өндірісті өлкенің экологиялық ахуалы өңір халқының көкейін тесіп жүрген өзекті мәселе екендігі жасырын емес. Ел дәулетін еселер ен байлықты жаппай игеруді көздеген шенділер арнайы экономикалық аймақта жағалай өндіріс ошақтарынының орнауына жағдай жасап отыр. Нәтижесінде кәрі түбекте өркенді кәсіпорындар өрісін кең жайып келеді. Дегенмен ерекше тұмса табиғатымен және  бағзы дәуірлерден бүгінге дейін желісі үзілмей жеткен баяндар сырын бұққан тарихи жәдігерлерімен өткен-кеткен туристерді тамсандырған түбектің тынысы мен тағдыры оның экологиялық ахуалымен тікелей байланысты екендігін естен шығармаған жөн. 

Ел президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, еліміздегі экологиялық саясаттың жүйелі жүзеге асуына серпін беретін арнайы кодексті жасақтау қажеттігін тілге тиек етті. Нәтижесінде Маңғыстау өңірінде де жылдар бойы қордаланған күрделі әрі аса маңызды экологиялық мәселелерде сең қозғалғандай болды. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында  Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Д.Құсбеков облыстың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы» жасақталғандығын мәлім етті. 

 

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бекітілген «Жол картасында»  облыстың басты экологиялық мәселесі – «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жобасы шешімін табады деп жоспарланған. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және қауіпті қалдықтарды жою, қала іргесінде орналасқан ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту, жер, су ресурстарын қорғау, облыс аумағын көгалдандыру көзделген. 

Голрох Жеменей, маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9010
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8405
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11631
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9389
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10615