Су саласындағы ауқымды жаңғыру: инфрақұрылым, цифрландыру, инвестиция

Су саласындағы   ауқымды жаңғыру:     инфрақұрылым, цифрландыру,   инвестиция

Су ресурстары және ирригация министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Жиында ведомствоның 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды. Іс-шарада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов модератор болды.

 

2025 жылы министрлік 53 инфрақұрылымдық жобаны аяқтады. Оның ішінде ұзындығы 677 км болатын ирригация жүйесін салу, реконструкциялау және тазалау, 4 су қоймасын реконструкциялау, 15 топтық су құбыры желісін салу және реконструкциялау, сондай-ақ 3 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау жұмыстары бар. 

2026 жылдың басына дейін Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен 46 жоба аяқталды. Ұзындығы 502 км канал реконструкцияланды. 

Ислам даму банкі қолдауымен 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың ішінде бүгінде жоспарланған ұзындығы 635 км болатын каналдың шамамен 600 км каналы реконструкцияланды. Сонымен қатар 2025 жылы ИДБ-мен бірлесіп 96 каналды реконструкциялау жобасы және 5 су қоймасын салу және реконструкциялау жобасы әзірленді. 

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жоба әзірленді. Жоба Арал-Сырдария бассейнінің су шаруашылығы инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды көздейді. 

2025 жылы Қ. Сәтбаев атындағы каналда 19 насос агрегатын модернизациялау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 9 агрегат орнатылып жатыр.

Былтыр министрлік жоспарланған 9 жобаның орнына 15 топтық су құбырын реконструкциялау және модернизациялау жобасын аяқтады. Нәтижесінде 277 елді мекенге, яғни 514 мың адамға орталықтандырылған су жеткізілді және сапасы жақсартылды. Оның ішінде 73 елді мекен немесе 115,5 мың адам бұрын орталықтандырылған суға қол жеткізе алмаған.

2026 жылы 12 жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл 142 ауылды немесе шамамен 540 мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. 

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп, пилоттық режимде жұмыс істеп тұр: 12 модульдің 8-і іске қосылды. Қазіргі уақытта жүйе мемлекеттік органдардың негізгі ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. 

Биыл Ислам даму банкі қолдауымен Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жүйелерді цифрландыру аясында 103 канал бойынша жұмыстар басталады. 

Пилоттық режимде суару суын беру бойынша электронды келісімшарттар жасауға арналған биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Жүйеде су тұтынушылар мен «Қазсушар» РМК арасында су беруге қатысты қызметтер үшін өтінімдер беру, шарттар жасасу және есеп айырысулар жүргізу процестері цифрландырылған.

«Қазсушар» РМК филиалдары ұзындығы 1840 км болатын каналдарды механикалық әдіспен тазалады. Биыл 2200 км каналды тазалау жоспарланған. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 50%-ға өсті. 

Былтыр жаңа Су кодексі қабылданды. Ол су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша жаңа қағидаттарды белгіледі.

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және рационалды пайдалану туралы келісімге қол қойды. 

Қытай компанияларының консорциумымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оның шеңберінде ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригациялық жүйелерді басқару үшін смарт-технологиялар шығаратын зауыт ашады.

Азия даму банкімен ынтымақтастық меморандумы аясында Ақмола облысында Есіл контрреттегішінің құрылысы басталады. 

Заңсыз су алу әрекеттерімен күресу мақсатында министрлік Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығын» жоюға арналған іс-шаралар жол картасын қабылдады. Қауіп аймақтары анықталып, суару суын беру келісімдері цифрлық форматқа көшірілуде, сонымен қатар цифрлық және спутник арқылы бақылау құралдары енгізіліп, басқа да шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қоғамда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру үшін министрлік тұрмыста су үнемдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар бекітті. Материалдар қоғамдық орындарда таратылып жатыр.

«Барлық бағыт бойынша жұмыс міндетті түрде жалғасын табады. Биыл су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасында көрсетілген индикаторларға қол жеткізу қажет. Біздің 2030 жылға дейін қосымша 2,6 млрд текше метр еріген және тасқын суды жинау, 295 мың га жаңа суармалы жерді пайдалануға енгізу, трансшекаралық суға тәуелділікті 15%-ға азайту және каналдардағы суды жоғалту деңгейін 50%-дан 35%-ке дейін төмендету мақсатымыз өзгермейді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

05.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23073
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22828
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38854
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36365
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40455