Ол туралы университет ректоры Ерболат Саурықов мәлім етті.

 

«Білім саласына белгілі азамат, Тараз мемлекетттік педагогикалық университетінің (қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) деканы қызметін атқарған Джуншеев Расылхан қолдан диплом жасап сатқан. Ортаға ағайындарды қосып, кешірім сұрады. Мен мына мына дипломыңыз оригинал емес деп қолмен ұстап көрсетіп, айттым. Мынау – көшірме нұсқасы. Мұны кім жасады? Жоғары деңгейде компьютермен айналысатын адам жасаған. Мына жердегі қол біздің қол емес. Мен ондай жағдай болғанын мойындаймын. Бірақ ол адамдардың атын атай алмаймын. Дәл есімде жоқ балам не туысқаным қатысты деді. Маған өтініш менің атымды атамаңызшы, білдей бір факультеттің деканымын. Менің бір жақын ағайыным бар еді, ол соны ертіп келген болатын» деді ол.

2017 жылдың шілде айының 10-20 аралығында Анарбаева Римма деген азаматша Төле би даңғылында орналасқан нотариуске Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің дипломын нотариалдық растауға барады. Алайда, нотариус Римма берген дипломды көріп жалған екенін анықтап, ТИГУ администрациясына жеткізеді. Көп ұзамай жалған диплом мәселесі бойынша Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне арыз беріп, тергеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп, жалған дипломды жасаған азаматтар анықталып, тиісті шара қолдануға ұсыныс жасалды. Сол кезде жалған диплом жасаған тұлғалар Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қызметкерлері болып шықты.

Айта кетсек, жалған диплом мәселесі Жамбыл облысы мәслихат депутаттарының мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбековке қарсы шығу бойынша брифингте университет ректоры, Ауыл партиясының облыстық басшысы, облыстық мәслихат депутаты Ерболат Саурықовқа сауал ретінде қойылған болатын.