Терроризм мен экстремизм тақырыбы әлемде өзектілігін жоймай тұр

Терроризм мен экстремизм тақырыбы әлемде өзектілігін жоймай тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарына экстремизммен және әсіре діншілдікпен ымырасыз күрес жүргізуге тапсырма бергені белгілі. Ол ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесу жөнінде айта келе: «Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс», деді.

Терроризм мен экстремизмге, соның ішінде діни сипаттағы аталған келеңсіздіктерге қарсы күрес – мемлекет алдында тұрған басым міндеттің бірі. Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына сызат түсіретін заман қасіретіне қарсы бағытталған шаралардың мемлекеттік жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті үйлестіретін болса, Ішкі істер министрлігі күштік құрылым ретінде соның құрамында өз құзыреті шегіндегі міндеттерін жүзеге асырады.

Қазақстандық саясаттанушы Ислам Кураевтен пікір сұрадық.

 

- Сіз терроризм мен экстремизм тақырыбына жиі барып жүрген білікті саясаткер адамсыз. Бүгінгі қоғамдағы жат ағымдар туралы, оларға деген қорқыныш пен үрей жайында не айтасыз?

- Терроризм мен экстремизм тақырыбы бүкіл әлемде қай кезде де өзекті екенін түсінген жөн. Біз тек көпшіліктің назарын аударуға бағытталған, БАҚ-тың парағына ілінген әрекеттерді ғана көріп жүрген болуымыз әбден мүмкін.

 Сирия мен Иракта ДАИШ-тің қатысуымен (Қазақстанда және бірқатар басқа мемлекеттерде тыйым салынған) орын алған оқиғалар белсенді түрде көбейген шақта, бұл негізгі ақпараттық күн тәртібінен түспек емес. Әлемдік БАҚ көбіне діндарлар мен лаңкестердің арасында теңдік белгісін қозғап жатады. Алайда, осы уақытқа дейін бұл тақырыптағы негізгі идеология адамдардың басында қалды. Лаңкестік ұяшықтар немесе қауіп-қатер - сол немесе басқа дінді ұстанатын адамдармен байланысты деген тенденция бар. Қауіптер мен сын-қатерлерге мұндай призма арқылы қарау өте қате болар еді.

Құқық қорғау органдары радикалдармен күресу тұрғысынан алғанда, азды-көпті жұмыс істеп жатыр, бірақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында айтарлықтай проблемалары бар.

- Әлем саясаткерлері арасында Орталық Азия жайлы әңгіме айтылғанда Ауғанстан көзден таса қалмайды. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай? 

-  Бүкіл Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тыныштығын сөз еткенде, ауған факторын ескеру керектігі шындық. Егер біз оны сүзгіден өткізетін болсақ, онда Қазақстан ең қауіпсіз аймақтар санатына жатады. Өйткені, біз Ауғанстанмен байланыс нүктелері бар, қандай да бір террористік және экстремистік ағымдардың ықпалына көбірек ұшыраған мемлекеттермен шектеспейміз. Мен Қырғызстан мен Түркіменстанды, осы жағынан алғанда, ең қауіпті елдер деп атар едім. Лаңкестермен күресуге дайын елдер – Өзбекстан мен Тәжікстан. Қазақстан, әдетте, бейтарап сипаттағы ұстанымда қалады.

- Терроризм мен экстремизм туралы бәрі біледі. Бірақ нақты қауіптің қай жақтан төнетінін ешкім білмейді. Сіздің ойыңызша ең қауіпті кім? Радикалдар ма, жұмысқа тарушы үгітшілер ме? 

-  Менің ойымша, қазір ең үлкен қауіп адамдарды жұмысқа тартумен айналысатын үгітшілер екенін түсіну керек. Бірақ мәселе онлайн-уағызшылардың өзінде емес, интернет кеңістігінде бұған қарсы жұмыстың жоқтығында. Әдетте, радикалдар дінді идеологиялық тұғырнама ретінде пайдаланады, бұл салада мемлекеттік саясат енді ғана қиындықтарды сезе бастады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, біздің елімізде діни бағыттағы түсіндіру шаралары жеткіліксіз, көпшілігі оны басқа өлшем мен кеңістіктен – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден іздеуге мәжбүр. Ал ол аймақтарда оларды сыртқы күштер тартып алады. Бұл - бізде қажетті базаның жоқтығынан туатын қауіп.

- Соңғы сауал: “жау жоқ демеме жар астында” дейді қазақ мақалы. Осы тұрғыдан қарағанда сыртқы жаулардан, экстремисттік-террористік ұйымдардан қайтып қорғанған дұрыс?

- Мемлекетке жасалған кез келген шабуыл қазірдің өзінде шығынға алып барады. Ол белгілі нәрсе. Бірақ оны әскери қақтығыстар аясында қарастыратын болсақ, онда, әрине, мемлекет ұтылмайды. Ол халықаралық және ішкі қолдауға ие. Тағы да түсінуіміз керек дүние - бізде елде ешқандай идеологиялық база жоқ, Орталық Азияның басқа елдеріндегідей бір тақырыптық бағытта топтастырылған мамандар да аз. Біз әлі де қоғамдық келісім тұрғысынан екі пікірдеміз. Ал терроризмге қарсы күресті дамыту мәселесінде қоғамды байланыс нүктелеріне ынталандырудың маңызы зор. Бізде әзірге олай емес. Бақытымызға орай, әлде өкінішке қарай, Кеңес өкіметі бұрынғы одақтас республикалардағы халықтың бытыраңқы болуын қамтамасыз етуге тырысты. Оның пайдасын да, зиянын да көріп отырмыз. 

БАҚ-тағы әртүрлі ақпаратқа және зерттеу топтарының болжамдарына сәйкес, Орталық Азия аумағындағы белсенді содырлардың саны 30 мыңнан асуы мүмкін. Бұл деректер шартты түрде алынған, өйткені біздің аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға дайын адамдардың нақты санын ешкім білмейді. Сонымен қатар, топтардың Ауғанстанда, Сирияда және Иракта базалары бар, жүктелген міндеттеріне байланысты олар үнемі қоныс аударып отырады. Тағы да айта кетейік, біздің аймақтың күштік құрылымдарының бағалауынша, Орталық Азияның 5000-ға жуық тумасы Сирияда ДАИШ және басқа да террористік ұйымдардың құрамында соғысып жүруі мүмкін. Оның үстіне, Сирия мен Ауғанстан – лаңкестер мен экстремистерді тұрақты түрде дайындалатын полигондар.

- Уақытыңызды бөліп, пікір білдіргеніңізге рахмет!

 

Нағашыбай Қабылбек

19.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 559
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 729

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19453
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19296
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34432
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32990
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36804