Жаһандық және бітімгершілік бастамалар - ел абыройын асқақтатып тұр

Жаһандық және бітімгершілік бастамалар - ел абыройын асқақтатып тұр

Жаһандық және бітімгершілік бастамалар көшінде Қазақстанның еңсесі биік, абыройы асқақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық және бітімгершілік бастамалары — ядролық қарусыз әлем құру, геосаяси қақтығыстарды диалог арқылы шешу, БҰҰ рөлін нығайту және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан көпжақты дипломатия, сенім шаралары және гуманитарлық көмек көрсету арқылы халықаралық аренада делдалдық рөл атқаруда.

Қазіргі таңда таяу шығыста Америка мен Израйл Иранға қарсы соғысып жатыр. Бұл шиеленіс созыла берсе әлемге қауіп төнбек. Осыны сезінген санаулы елдер дипломатияғы күш салуда. Сол санаулы елдердің ішінде қазақ елінің  мәртебесі зор.

 

Күні кеше 8 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.

“Сырт көз сыншы” дейді атамыз қазақ. Осы ретте халықаралық құқық фирмасын басқарушы Габриель Ланский: «Егер біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жақында атқарған рөлі туралы, ЭКСПО-2017 туралы, ДСҰ-ға кіру және басқа да маңызды мәселелер туралы айтар болсақ, Қазақстанның осы аймақтағы Еуразия үшін де, Еуропа үшін де болашаққа апаратын шешуші ойыншы екенін түсіну керек. Осылайша, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында қажетті көпір салуға көмектесетін серіктесі бар болғанына біз өте қуаныштымыз. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның БҰҰ жүйесіне кіруі сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болған. Атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігі әлеуметтік-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа бағыттардағы көптеген салаларды одан әрі жетілдіруге және модернизациялауға қолайлы жағдай жасады», – дейді. Бұл әділ баға. 

Еліміз ядролық қарусыздану бастамалары бойынша әлем бойынша көш басында тұрған мемлекеттердің бірі. Себебі алғаш ядролық-сынақ полигонын жабу туралы бастама көтерген де, алғаш ТМД елдері арасында да хаттамалар мен келіссөздер мен петицияға қол қойған да ел. Осы тұста елдің бұл салада мықты тәжірибесі мен әлем елдері арасында беделі бар. Тыйым салу шеңберінде халықаралық ұйымдар мен қоғамдастықтарда өз орнын нықтап қойып, бүгінде басқа елдерді де осы топқа қосу үшін бастама көтеріп жүр. Атап айтсақ, БҰҰ, АТОМ, МАГАТЭ сынды ұйымдарға мүше.

Біздің елімізді бүкіл әлем бойынша 1995 жылдың басына қарай дүние жүзінің 120 мемлекеті мойындап, оның 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Алматыда 62 шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері бар.

Қазақстан әлемдік қауымдастыққа енді, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. 1992 жылдан бастап - БҰҰ және оның бірқатар жүйелерінің БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНКТАД, UNDCP, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДҰ, ИКАО, ШЫҰ, Орталық Азия Одағы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ТМД, ИЫҰ, АӨСШК және т.б бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақстан қазір кең ауқымды әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тереңірек көңіл бөлуде. Өзге елдерге үлгі болар қазақстанның бастамалары жетерлік. Соның біреуі ғана көпке татиды.

Ол - Қазақстан ядролық қарудан бас тарту ісіндегі көпке үлгі болуы. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы республиканың жаһандық қарусыздану жолындағы тарихи қадамы іспеттес. Бұл шешім халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды. БҰҰ-ның шешімімен ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы келісімге жол ашылып, Қазақстан оған алғашқылардың бірі болып қол қойды.

Кейін 1992 жылы 22 мамырда Лиссабон хаттамасына қол қойылды. 1993 жылы еліміз Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы ел аумағындағы барлық ядролық қару Ресейге шығарылды. Осылайша, еліміз ядролық қарусыз әлем құру жолына аяқ басты. 

Жалпы алғанда, сарапшылар Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуына жаһандық қауіпсіздікке қосқан баға жетпес үлесі деп баға берді. Еліміз әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тарту арқылы тек өз халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігін де алдыңғы орынға қойды. Бұл қадам халықаралық қатынастарда бейбітшілік пен сенімге негізделген жаңа дәуірдің бастамасы болды. 

 

Нағашыбай Қабылбек
24.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24447
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24109
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41560
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37467
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41824