Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңіз құтты болсын!

0
142

Қазағымыздың және қазақ баспасөзінің рухы биік болсын!

 

          Иә, жыл сайын “төртінші билік” иелерінің бұл төл мерекесі мәре-сәре болып, жан-жақты тойланып жататын еді. Кездесулер, жүздесулер болып, тілектер айтылып дегендей қасиетті қалам иелеріне зор құрмет көрсетілетін. Өкінішке орай биыл ондай қызуқанды кездесулер болған жоқ. Оның себебін жақсы біліп отырсыздар, әріптестер! Пандемия! Карантин! Әрине, апта сайын өзге де мамандық иелерінде кәсіби мерекелер болып жатыр. Біз де, журналистер де олардан артық емеспіз. Осыған да ризамыз. Себебі журналистер қауымы қалың бұқараның қорғаушылары, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Кімнің басына да қиындық, ауырлық түссе алдымен журналистке, баспасөзге жүгінеді, көмек сұрайды. Ал олар шырылдап ара түседі.

Біздің “Qazaqstan dauiri” серіктестігі де зор қуатты күш. Біздің қатарымызда отыз жылдық тарихы бар, халықаралық мәртебесі бар. Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары деген аты бар  “Qazaqstan dauiri” газеті, сондай-ақ балалар баспасөзінің алдыңғы қатарлы басылымдарының бірі “Мөлдір бұлақ” журналығ сайттарымыз және серіктесіміз “ЕлАна” қоғамдық-саяси сайты белсене жұмыс істейді. Әрине, осы басылымдардың, сайттардың мыңдаған оқырмандары бүгінгі біздің төл мерекемізбен құттықтап жатыр. Көп рахмет! Қадірлі оқырман! Сіздердің бізге деген сенімдеріңіз, құттықтауларыңыз бізге зор рух береді. Біз де қолымыздан келгенше аянып қалған жеріміз жоқ. Елімізде болып жатқан сан түрлі қасіретті де, қуанышты да, басқа оқиғаларға да үн қосып, еліміздің тағдырына отты, уытты, жалынды шығармашылдығымызбен араласып, газет, журнал, сайт беттерінде материалдар жарияланды. Мәселен Арыстағы жағдайға байланысты біздің журналистеріміз оқиға болғаннан кейін көп ұзамай халықпен кездесіп, бірнеше көкейтесті мақалалар жариялады. Қордайдағы Масаншы оқиғасында да елмен бірге болып, ол ауылдарды аралап бірнеше мәрте оралып, елді елеңдеткен, назар аудартқан материалдар дүрмегін ұсындық. Ұлттық мүдде жайында шегініп жатқан жеріміз жоқ. Қазақ баспасөзінің ауыр жағдайға душар болғанында ешкімнен жасырмай мерзімді басылымдардың басшыларын шақырып, дөңгелек үстел өткіздік, Президентімізге ашық хат жолдадық. Әрине, мына карантин кезінде де қарап жатпай елдің ішінде болып, ерліктің зор үлгісін көрсетіп журналистерімізді де біз мақтаныш тұтамыз. Біздің көтеріп жатқан көкейтесті мәселелеріміздің бәрін бұл шағын құттықтау мақаласында сыйғызу мүмкін емес. Және оны мақтаныш етіп айтып жатқан жоқпыз. Ел білсін деген ой ғой.

Қадірлі әріптестерімізді біз бүгін құттықтай отырып, шығармашылдық табыс тілейміз. Мына жаман дерттен аман-есен болайық! Жазар көбейсін! Бәріңіздің ниеттеріңізге зор рахмет. Қазағымыздың және қазақ баспасөзінің рухы биік болсын!

 

Зор құрметпен

“Qazaqstan dauiri” газетінің,

“Мөлдір бұлақ” журналының ұжымдары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.