Жастар неге ішімдікке тәуелді?

0
176

Елімізде 21 жасқа толмағандарға ішімдік сатуға тыйым салынған. Дей тұрғанмен, бұл жас мөлшеріне жетпеген жеткіншектердің 5%-ы алкогольді тұрақты тұтынатыны белгілі болып отыр.

Алматыдағы «Аман-саулық» қоғамдық қорының зерттеулеріне сәйкес елімізде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 38%-ы ішімдіктің дәмін татып үлгерген. Ал 18 жастағы жастар арасында алкогольді сусынды тұтыну көрсеткіші 37%-ды құрап отыр. Сондай-ақ, 21 жасқа дейін 20% және 21 жастан асқан 5% жастар ішімдік ішуге әуес екені анықталған. Демек, алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салу арқылы елдегі ішімдікке тәуелділік статистикасын азайту мүмкін емес.
Сала мамандары жастар арасындағы ішімдікке деген сұранысты азайту үшін күштілігі жоғары ішімдікке тыйым салу, алькогольдің бағасын көтеру немесе жастарға әлеуметтік желі арқылы ішімдікке тәуелділіктің зардабын көрсету қажеттігі жөнінде ұсыныстарды қолдап отыр. Егер бұл шараларды жедел түрде қолға алмаса, “арақпен күресте” нәтиже болмай тұр.
Статистика бойынша қазірдің өзінде елімізде 126 мың адам ішімдікке тәуелді ретінде тіркеуде. Сонымен қатар Қазақстан халқының ішімдік тұтыну көрсеткіші бойынша әр адамға шаққанда жылына орта есеппен 9 литр арақ ішеді екен. Бұл көрсеткішке сәйкес арақ ішуден Еуразия құрлығы бойынша 19-орындамыз. Жалпы, әлем бойынша Қазақстан ішімдікті пайдалану көрсеткішінен 77 орынға шыққан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.