Отбасылық жүйенің өзгеруі

0
117

Егер адам іштей өзгерсе, ендеше айналасы автоматты түрде өзгермек. Әлем алдан жаңа реакцияларды тосады. Әсіресе, ең жақын адамдарыңнан. Соған сай отбасылық жүйе трансформацияға ұшырайды.

Отбасылық жүйе әр түрлі боп өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет. Бәлкім, қиналып жүргендердің бәрі кеуде кере дем алып, жеңілдеп қалар. Немесе жүйе күйрейді.

Қазір психологиямен әуестену сәнге айналды. Кейбір психологиялық ағымдар танымал бола түсті. Себебі, тез өзгеруге кепілдік береді. Сен өзгерсең, айналаң да өзгере салады дейді. Бұл өзіңнің күйіңді өзгеге таңу манипуляциясы. Әйелдерге көйлек киіп, мантра оқып, дұға қылуды, қарттарға көмектесіп, жауапкершілік алуға кеңес береді. Мұның бәрінің пайдасы бар, әрине. Бірақ бәрі сен жоспарлағандай бола бермес. Өмірде керемет бақытты мысалдар бар, бірақ сенде де сондай болады деген кепілдік жоқ.

Сенің өзгеруің – тек сенің өзгерісің екенін түсін. Сенің ет жақындарың өзгеріске тапсырыс бермеген болар. Ендеше, сенімен жаңа ереже бойынша ойнауға дайын болмай шыққаны.

Бәлкім, мұндай адамдармен ендігәрі өзің де ойнауға құлықты болмассың. Меніңше, өзгерген адамның елмен қарым-қатынасы тек жақсы жағына өзгеруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жақсарар, нашарлар, күрделірек бола түсер, әлде жанға жайлы бола бастар, біреуге дем жетпей қысылар, біреуге бақыт сыйлар. Әйтеуір, бұрынғы режимде өмір сүруін тоқтатады.

Қалай болғанда да қарым-қатынас айқынырақ сезілетін болады. Айқын болу деген адамның есін жиғызатын құбылыс. Соған дайын болсаң болғаны.

Аглая Датешидзе

Аударған @shinarabelda

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.