Саяси партияларды құру мен тіркеу талабы жеңілдейді

0
30

Сенаттың жалпы отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Президентіміздің ұсынысымен бүгін қабылданып отырған заңдар елдің саяси өмірінде ерекше мәнге ие. Саяси партияларды құру мен тіркеу талабы едәуір жеңілдетіліп отыр. Партияларды тіркеудің талаптық шегі төмендетілді. Қабылданған заңдар көппартиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздың міндетті квота белгіленді. Ол әйел адамдардың және жастарға еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуы үшін қосымша мүмкіндік береді. Мұндай өзгертулерді демократиялық даму жолындағы нақты қадам деп қарастыруымыз керек. Олар саяси жүйемізді ары қарай дамытуға үлес қосады деп сенеміз»,— деді

Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.