Студенттер оқуларына қайта алмай отыр

0
81

Ұлттық қауіпсіздік комитеті карантин кезінде кімдер Қазақстаннан шетелге шыға алатынын жариялады. Олардың қатарында өзге елде білім алатын студенттер де бар. Тек шетелде білім алып жатқанын растайтын құжат болса болғаны деген еді. Бірақ Қазақстан әлі әуе кемелеріне шетелге ұшуына рұқсат берген жоқ. Әлемдегі жағдайға байланысты бұл мәселе бір министрлік шеңберінде ғана шешілмейді. Бұл ел ішінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствааралық комиссияның отырысында талқыланбақ.  Студенттерге рұқсат берілген жағдайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оларды ЖОО орналасқан елдерге ұшақпен жеткізуге дайын екендерін айтты. Ал шетелден елге оралып, қайтадан оқуларына қайта алмай отырған студенттер жетерлік. Мәселен, сондайлардың бірі, елордалық Әлішер Ағыбаев: «Чехияның Прага қаласындағы білім ордаларының бірінде тіл курсынан өткем. Алдағы емтиханнан кейін бакалаврға тапсырамын. Індет Еуропаға жетіп, сабақ онлайн режимге көшкен соң, елге оралдым. Университет емтиханды Чехияға келіп тапсыруды міндеттеді. Бірақ оған қалай баратынымды білмей отырмын. Менде қабылдау емтихандары шамамен үш аптадан кейін басталады,. Оны онлайн тапсыруға университет рұқсат берсе де, менде визаның уақыты өтіп барады. Студент болғандықтан оны тек Чехияда ұзарта аламын. Екеуіне де үлгермесем тағы 1 жыл 2 млн 200 мың теңге төлеп, курсты қайта оқуым керек»,— дейді шарасыздықтан қатты қапаланып.

Е.Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.