Жеңіс күнінде ардагерлерге берілетін ақша мөлшері

0
111

«Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңға» енгізілген түзетулерді талқылау барысында Жеңіс күні Қазақстан ардагерлеріне қанша ақша берілетінін айтқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: «Біз Жеңіс күніне арналған төлем сомасын бірдей мөлшерде жасағымыз келді. Соған байланысты  биыл ардагерлерге төленетін төлем барлық өңірлерде бірдей болмақ. Біз әкімдерге ұсыныстар енгіземіз, әдетте, кем дегенде оның мөлшері 300 мың теңгеден төмен болмайды. Тыл еңбеккерлеріне  30 мың теңге, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға 100 мың теңге төленбек. Бірақ өңірлерде бұл төлемдер одан да жоғары болуы мүмкін, барлығы аймаққа байланысты. Мұндай төлемдердің бірыңғай мөлшері болуы қажет. Әрине, олар минималды болмауы керек. Себебі, бұл — жеңістің 75 жылдығы ғой әрі соғыс ардагерлердің саны да жыл сайын азайып келеді емес пе»,— деді.

 

Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.