Әйелді бақытты етсең, бойтұмарыңа айналады!

0
153

«Бақытты отбасында зайыбы көңілді қалыптастырады, ері – құнарлы жер болады».

Егер ері зайыбына құрмет көрсетпесе, басынан бағы таяды дейді. Неге екенін білесіз бе?

Әйел болмысы жасампаздыққа бейім. Әйел затының жаңашылдығы еркектің шығармашылық ойынан мың есе артық. Әйел келешекке қатты әсер етеді. Келешекті жасау әйелдің қолынан тез келеді. Сосын тек өзінің емес. Әйел өзінің ғана тағдырын жасап қоя салмайды. Олар серігінің де келешегіне қатты әсер етеді. Егер әйел қарым-қатынаста өзін бақытты сезінсе, оның серігі сол күйдің бар ғажабын басынан өткереді. Қалаған есігін оңай ашып, даңғыл жолға түсіп, бар игілік алдынан шыға береді. Құдды соны күтіп тұрғандай қарсы алады. Сәттілік әр басқан қадамынан қалмайды.

Әйел бақытты болған кезде оның жан дүниесі жарқырайды. Жақсылықпен қуаттанған жүрегі ой-өрісін кеңейтеді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де әйел ерін жетістікке жеткізе алады. Әйелдің батасымен, мақұлдаумен серігінің өмірі ырысты бола бастайды. Өзіне адал жар болған әйел арқылы еркектің басына бақ қонады. Тек әйел бақытты болуы тиіс. Егер әйел өзін бақытсыз сезінсе, позитив ағынның бәрін деструктивті толқын басып кетеді.

Әйел біткен қоршаған дүниемен көзге көрінбейтін, бірақ ерекше қуатты күш арқылы тығыз қарым-қатынаста болады. Әйелдің ойы тек ішкі жан дүниесіне әсер етіп қоя салмайды. Оның көңіл күйі серігін биікке жетелейтін күш-қуатты да іске қоса алады.

Егер әйел отбасында бақытсыз болса, онда еріне жетістікке жету қиын болады. Ақылды еркек әйеліне сыйлық жасайтын кезде үнемдемейді. Олар сүйіктісінің өмірін мейлінше ыңғайлы, бақытты етуге тырысады. Бәрі қарапайым. Біріншіден, жарын сүйеді. Екіншіден, бақытты әйелден артық бойтұмар болмасын біледі. Бақытты әйел – бүтін отбасылық бақыттың іргетасы, қайнар бұлағы.

Джеральд Бренан

Аударған Шынар Әбілда

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.